АНДРЕАС КРИГЕР
ХАЙДИДІҢ ЕҢ ҮЗДІК КӨРСЕТКІШІ

ФИЛЬМДІ КӨРУ




МЕН ОЛ КЕЗДЕ ГДР-ДАҒЫ 23 МЕТРЛІК МЕЖЕНІ БАҒЫНДЫРАТЫН ЕҢ АЛҒАШҚЫ
СПОРТШЫ БОЛҒЫМ КЕЛДІ. МЕН ОДАН ДА БИІККЕ ЖЕТКІМ КЕЛДІ…«

АНДРЕАСТЫҢ ӨМІРІНДЕГІ НЕГІЗГІ ОҚИҒАЛАР

1979

14 жасында Хайди балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне (KJS) жіберілді. Мұнда оның ГДР кәсіби спортындағы мансабы басталады. Ол қажетті нәтижелерді көрсеткеннен кейін Берлин стадиондарының бірінде қатаң қадағалауға алынып, болашақ жүлде иесі ретінде «Динамо Берлин» спорт клубында жаттықтырылады.

1981

Жаттықтырушысы оған оның бұрын да қабылдаған дәрумендерінен басқа алғашқы допингтік препараттарды- «көк дәрілерді» береді. Хайди олардың атын білмейді, себебі олардың бастапқы қаптамасы жоқ еді. Хайдидің жаттықтырушысы оларды «демеуші құрал» ретінде береді.

1986 жыл

Хайди Кригер Штутгартта жеңіл атлетикадан әйелдер арасындағы Еуропа чемпионатында ядро лақтырудан алтын медальды жеңіп алды. Хайди лақтырған ядро 21,10 м қашықтыққа ұшты.


1989 жыл

Берлин қабырғасы құлады, «қырғиқабақ соғыс» аяқталды, Хайди өзінің спорттық мансабын жалғастыруға тырысады. Алайда, екі жылдан кейін, 26 жасында бойжеткен үлкен спорттан кетеді: допинг қолданған жаттығулардан денсаулығы сыр берді.



1995 ж

Хайдидің өміріне өзгеріс енеді: оның досы және әріптесі оған не болып жатқаныны түсіндіреді. Ол Хайди ұзақ уақыт түсіне алмаған құбылыстың атын атайды: Транссексуализм.


1998 жыл

Үш жылдан соң Хайди Кригер түпкілікті Андреас Кригерге айналды. Өмірін еркек ретінде жалғастыру туралы шешімі Хайдидің өмірін құтқарады.


2000

Тек 2000 жылы ГДР-дағы допинг бойынша жауапкершілікке тартылғандарға қарсы допингке қарсы сот процесі барысында Андреас өзінің жылдар бойы білместен допинг алып келгенін жаны ауыра түйсінеді.


2002 ж

Андреас осыдан екі жыл бұрын допингке қарсы процестер кезінде өзі танысқан әйелге үйленеді: «Менің әйелім – менің басты жеңісті билетім. Өмір маған зор байлық сыйлады».

Фильмнің тақырыптық үзінділері

ГДР-дағы тарихи және
саяси жағдай

ГДР-дағы
спорттың дамуы

Жаттықтырушының
рөлі

Өмірді айқындайтын
шешім

Андреас Кригер
Бүгінгі жағдай

СОЦИАЛИСТІК МЕМЛЕКЕТТЕ ҰЖЫМДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ ЖЕКЕ ТҰЛҒА ҚҰНДЫЛЫҒЫНАН ЖОҒАРЫ ТҰРДЫ.
Жеке тұлғаның өзін-өзі іске асыруынан гөрі партия
қойған мақсаттарға жету маңыздырақ болды.«

ҚОСАЛҚЫ ФАКТІЛЕР


Әйелдер арасында ядро лақтыру: 1980-шы жылдардың аяғында 23 метрлік меже бұрын соңды болмаған деуге болатын

Ядро лақтыруда металл шар қолды жедел алға соза отырып мүмкіндігінше алысқа лақтырылады. Ежелгі лақтыру жарыстарында қолданылған тастар кейінірек зеңбірек ядроларымен алмастырылды.
1860 жылы ядролардың көлемі мен салмағы белгіленді. 1924 жылы ядро лақтырудан алғашқы әлемдік ресми рекорд 10,25 метр болды. Шешуші 22 метрлік межеге тек 1977 жылы ғана қол жетті. Тағы он жылдан соң,
1987 жылы Мәскеуде Наталья Лисовская 22,63 метрлік әлемдік рекорд орнатты. Содан бері бірде-бір әйел ресми әлемдік рекордтан аспады, 23 метрлік межеге осы күнге дейін ресми түрде қол жеткізілген жоқ.

1986, Штутгарт: Германиядағы жеңіл атлетикадан өткен Еуропа чемпионаты

1986 жылы Штутгарт қаласындағы Неккарштейн стадионында жеңіл атлетикадан Еуропа чемпионатындағы атмосфера шабыт беріп, жаулап алды. Жанкүйерлер бәріне, тіпті жеңімпаз болмағандарға құрмет көрсетті.
Медальдар саны бойынша КСРО спортшылары алда болды, оларды өкшелей ГДР тұрды, олар тіпті сан жағынан ресейліктер сияқты алтын медаль жинай алды. 1972 жылдан 1988 жылға дейінгі уақыт
аралығында Олимпиада ойындарындағы медальдар саны бойынша бірінші және екінші орындарды бөліскен Кеңес Одағы мен ГДР спортшылары басым болды.

ГДР-дағы спорт таланттарын қолдау

ГДР-да кәсіпқой спортшыларды дайындау сатылы жүйе (I-III дайындық кезеңдері) аясында жүзеге асырылды және оған балалық шақтан бастап ересек кезеңге дейін жүйелі жаттығу құрылымы енді. I кезеңге жаттығу орталықтары жатады, мұнда әр жаттығу жылынан кейін жаттығатын балалардың спорттық көрсеткіштері тексерілетін.
Егер балалар мен жасөспірімдер белгілі бір нормативтерді орындаса, олар балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің (KJS) біріне жіберілетін.
Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептері жаттығу орталықтарында таланттарды іздеу мен ГДР-дың кәсіптік спорт құрылымының басында тұрған спорттық клубтардағы арнайы кәсіби және жоғары мамандандырылған жаттығу орталықтары арасындағы шешуші буынды құрады. Тек үздік нәтиже көрсеткен ең талантты және болашағынан үміт күттіретін спортшылар ғана спорт мектептерінен үздік спорт клубтарына жіберілетін, олардың қатарына «Динамо Берлин» де кіретін.

Мемлекеттік жоспар 14.25

ГДР-да спорт саласындағы халықаралық табыс межеленген мемлекеттік мақсат еді және социализмнің капитализмнен жалған артықшылығының құралы болды. Осы негізде ГСБП Орталық Комитеті 14.25 мемлекеттік жоспарын қабылдады.
Бұл мемлекеттік жоспардың артында ұйымдастырылған және мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетін допинг, сондай-ақ жаңа допинг препараттарын зерттеу және жасау үшін кең ауқымды жүйе қалыптастыру жатты. 1974 жылдан бастап 14.25 мемлекеттік жоспары ГСБП ОК-нен
бастап, Ұлттық Олимпиадалық Комитетпен және спорттық медициналық қызметпен жалғаса және аяғы жаттықтырушылар болып, иерархиялық тәртіппен жүзеге асырылды. Жоспар аясында кәмелетке толмаған спортшылар допингтік препараттар, көбіне таблеткалар, қабылдады.

Менің бойым 1,85 және салмағым 69 келі еді. 2 жылдан
кейін салмағым 105 келі болды. Бұл- белсенді бұлшық ет массасы.

ЖАПА ШЕККЕНДЕРДІҢ БҮГІНГІ ЖАҒДАЙЫ

ТАҒЫ ТӨРТ

ӨМІР ОҚИҒАСЫ

АРЫ ҚАРАЙ ОҚЫҢЫЗ

Жапа шеккендердің әңгімесі: тікелей диалог


Альвин Й. Вагнер, жеңіл атлет, диск лақтырудан бірнеше дүркін чемпион

26 жасында ол допингтік дәрі-дермектерді әлі қабылдамаған болатын. Альвин Вагнер диск лақтырудан үлкен үміт күттіретініне және әлемдік жарыстарға қатысу үшін керекті нормаларды оңай орындағанына қарамастан Неміс жеңіл атлетика федерациясы ГРФ(DLV) оны ешқайқайда қатыстырмайды.
Спорттық шенеуніктердің сөздері бойынша Альвиннің финалда жеңіске жетуі екі талай еді.
Федерация Альвинның ешқандай көзге түсер спорттық жеңісі болмағандықтан, оның диск лақтыру бойынша бапкерімен келісім-шартты созудан бас тартады.
Оның орнын Альвиннен анаболиктертерді қабылдауын өтінген бұрынғы спортшы басады. Жаңа бапкер Альвинге спорттық көрсеткіштердің 10% – ға жақсаруы мен баспасөздің оған назар аударатынына уәде етеді. Альвин өзіне берілген қаптамасы мен нұсқаулығы жоқ дәрілерді қабылдай бастайды, ал көрсеткіштер болса көп күткізбейді. Жарыстардағы жеңісі мен спортшы ретіндегі жанама табыстарының арқасында Вагнер полиция комиссарының қызметіне қарағанда 5 есе көп ақша таба бастайды. Дәрі-дәрмектердің тигізер қатері мен жанама әсері туралы еш нәрсе айтылмады.
Әлемнің таңдаулы диск лақтырушы спортшыларынан артта қалмау үшін Альвин дәрі-дәрмектерді қабылдауын жалғастырып, тіпті өзіне не егіліп жатқанын білмесе де ине салдырудан бас тартпайды. Бірнеше жылдар өткен соң Вагнер DLV тәсілін әшкерелеуге тырысып көрді, алайда федерация тарапынан ешқандай жауап болмады.
1981 жылы Альвин Вагнер бірінші рет диск лақтырудан Германия чемпионы атанып, баспасөздің назарын өзіне аударады. Алайда саясаткерлер де, қоғам да оның мәлімдемелеріне құлақ аспайды.

Томас Гетце, спорттың балға лақтыру мен ядро лақтыру түрі бойынша бұрынғы атлет

Жас кезінен бастап Томас Гетце жүзуге, футболға және шахматқа қызығушылық таныта бастаған. Алайда ол өзінің тағдырын ГДР-дың спорттық жүйесі аясындағы жеңіл атлетикамен байланыстырады. 1976 -78 жылдары Гетце Дрездендегі балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінде спорттың әр түрлі лақтыру түрлері бойынша жаттықтырылды және үлкен үміт күтерлік юниор болып саналды.

Дәл сол жерде ол өзінің бапкері дәрумен ретінде берген «демеуші дәрі-дәрмектерді» қабылдай бастады. Томас өте жақсы спорттық көрсеткіштерге жете бастайды: мысалы, балға лақтырудан оның көрсеткіштері жыл сайын 15 м-ге дейін жақсарып отырған.

Үлкен үміт күттіретін бастама- иығының ұзаққа созылатын зақым алуына дейін.

Томастың жарақат алғаннан кейін оны спорт жүйесінен салқын қандылықпен шығарып тастады. Томас Гётце допингтік препараттарды мемлекеттік ауқымда пайдаланудың ГДР шенеуніктері әзірлеген қылмыстық стратегиясы аясында денсаулығына зиян тигізгендіктен зарбадын әлі күнге дейін шегіп жүр. Ол Андреас Кригер және басқа да бұрынғы кәсіпқой спортшылармен бірге допингтің алдын алу жұмыстарына белсенді қатысуда.



Уте Кригер-Краузе, бұрынғы кәсіпқой жүзгіш

Уте Винтер Берлин қабырғалары тұрғызылғаннан кейін бір жыл өте туылған. Бес жасынан бастап жүзуді үйренген Винтер 1973 жылы Магдебургтегі балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебіне түсіп, арманына жетеді. Уте таңғы жетіден бастап бассейн жолдарын есепсіз жүзіп өтеді. Кейінірек, Уте он бір жасқа толғаннан кейін, бапкерлер бассейн жағалауына «дәрумендер» бар кішкентай стақандарды қоя бастады: «Мен оларды жұтып жатқанда, бапкерлердің мені бақылап тұрғанын байқап қалатынмын.»

Спортшыларды әрдайым қамшылайтын, Утенің көрсеткіштері жақсарып, жетістіктері жиілей бастады. Уте 14 жасында 4 қыз ғана жаттығатын ГДР-дың (Kaderkreis II) резервтік құрамасына қабылданды. 1977 жылы Утені олимпияда құрамасына қосты. Енді әдеттегі ішіп жүрген «дәрумендерімен» қоса көк дәріні де қабылдай бастады: Олимпиядаға дайындық аноболиктерді қабылдаумен бірге жүрді.

Оның бұлшық ет салмағы тез өсе бастады, иығы, қолы және мойнының көлемі де ұлғайды. Уте өзінің денесін танымай қалды.

Ол ашыға бастады, бірақ арықтаудың орнына салмақ қосуы жалғаса берді.
Уте қатаң кестемен жасалатын бітпейтін жаттығуларға төзе алмай кетті. 16 жасында өзінің спорт мансабымен біржолата қоштасты. Оны тіпті Олимпиядалық ойындар да қызықтырмады: «Менде бәрі үнсіз қалды». Уте қара құрдымға кеткендей сезінді, жаттығулардың орнын депрессиямен бірге келетін булимия басты. Уте психиатрдың көмегіне жүгінді. Өзінің ауруын тауып, онымен бірге өмір сүруі үшін оған 20 жыл уақыт қажет болды.

Ол Андрес Кригерге тұрмысқа шықты.


Дагмар Керстен, бұрынғы гимнаст

Дагмар Керстен 1970 жылы туылған. Тоғыз жасынан бастап кішкентай қыз көркем гимнастикада үздік өнер көрсете бастап, Берлиндегі балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт интернатына жіберіледі. Дагмар он бес жасынан бастап спорттық табыстарға жетіп, Европа мен Дүниежүзілік чемпионаттарға қатыса бастайды. Европа чемпионатында қола медаль иеленіп, ал Дүниежүзілік чемпионатта 3 қола және 1 күміс жүлдені жеңіп алды.
Көркем гимнастика жаттығулары кезіндегі «демеуші дәрі-дәрмектермен» астасқан барынша түскен күштің әсерінен гимнаст қыздың омыртқасына ауыр зақым келеді. Көлденең сал ауруына шалдығып қалу қауіп-қатері болғандықтан, Дагмар спорттық жаттығулардан бір жылдық үзіліс алды.

Дагмар «Динамо Берлин» клубының спорт дәрігерлері жіберген Крайша қаласындағы сауықтыру орталығында және допингтік препараттарды бақылау зертханасында емдік шаралардан жүйелі түрде өтіп тұрды. Спорттық аренаға оралуға дайындық кезінде ол тағы да ауыр жарақат алып, 1987 жылы өткен әлем чемпионатына қатыса алмады.

Дагмардың 1988 жылғы Олимпиада ойындарына қатысуы үшін жаттықтырушылар мен дәрігерлер оған күшті әсерлі дәрі егу курсын қабылдатты.

1988 жылы өткен жазғы Олимпиядалық ойындарда Дагмар түрлі биіктікті қоссырықтарда жасаған гимнастикалық бағдарламасы үшін күміс, ал топтық жарыстарда қола медаль иеленгеннен кейін, бапкерлері мен спорттық шенеуніктермен келіспеушіліктер болып,

ол спорттық мансабын аяқтайды. Көп ұзамай елден кету жөнінде өтініш береді. Гимнаст қызды шет елге масқаралап жібереді. Тек ГДР-дағы допинг қолданған жүзушілерге қарсы сот процестері кезінде және допингтік дәрі-дәрмектерді шектен тыс пайдалану жөнінде түсініктеме берген полициямен болған сұхбаттан кейін, сонымен қатар өз бетінше жасаған көптеген ізденістерінен кейін ғана Дагмар өзінің спорттық мансабында ауқымды допинг алғанын түсінеді.

Қазіргі кезде Дагмар жекпе-жек өнері, би мен пантомима мектебін басқарады, балалармен жұмыс жасайды, сонымен қатар допинг пен күш қолданудың алдын алу жөніндегі бағдарламаларға қатысады.

Хайке Кнехтель, орташа қашықтықтағы бұрынғы жүгіруші

1963 жылы туылған Хайке Кнехтель 13 жасында Лейпциг қаласындағы Дене шынықтыру және спорт институты (DHfK) жанындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебіне (KJS) қабылданды. Ол жеңіл атлетикамен, бірінші кезекте орташа қашықтықта жүгірумен де айналысатын. Алайда екі жыл өткеннен кейін Кнехтельді кәсіпқой спорттан шығарып жіберді.

Бастапқыда Кнехтель өзін допингтік дәрі-дәрмекті асыра пайдалануға қатысым жоқ деп ойлайды.

Хайке Кнехтель педагогика мен әлеуметтік мінез-құлық ғылымдары саласы бойынша магистрлік диссертациясын қорғап шығады. Бірақ оның өмірлік жолы қиындыққа толы болды. Оған бірнеше ота жасауға тура келді. 2003 жылы оған омырау обыры диагнозы қойылды.

Тек 2014 жылдың тамыз айында оның «еңбекке айтарлықтай жарамсыздық» салдарынан оның әлеуметтік кеңес беру орталығының жетекшісі ретіндегі мансабы тұралап қалды. Хайке өзінің ГДР спорт жүйесі аясындағы допинг қабылдаудан жапа шеккенін түсінеді.

Кнехтел 13-15 жасында өзінің бапкері анаболикті стероидты дәрі-дәрмек бергенін есіне түсірді. Таблетка түріндегі «дәруменді» арнайы кестені толтыра отырып, қабылдау керек болатын. Хайкенің ауруының деңгейін дәрігерлер растады: ол –ресми түрде допингтен жапа шегуші. Бүгінгі күні Хайке Кнехтель – Допингтен жапа шеккендерге көмек көрсету ассоциациясының (DOH eV) өкілетті өкілі және белсенді қатысушысы.


Андреас Кригер, ядро итеру тәртібінің бұрынғы неміс жеңіл атлеті

Андреас Кригер де Хайди Кригер сияқты 1965 жылы туылған. 14 жасында Хайди өзінің кәсіпқой спорттық мансабын бастайды. Екі жылдан аз уақытта Хайди дәрумендермен қатар өзінің бапкерінің нұсқауымен «демеуші дәрі-дәрмектерді» қолдана бастайды. Хайди өзінің бапкеріне сеніп, оны тыңдап жүреді.
Хайдидың бұлшық ет салмағы өсіп, спорттық нәтежелері де жақсара бастайды. 1986 жылы Хайди Европаның Штутгарт қаласында өткен

чемпионатында ядроны 21,10 метрге лақтырып, әйелдер арасында жеңіл атлетикада ядро лақтырудан алтын медальды жеңіп алады. 26 жасында Хайди өзінің спорттық мансабын аяқтайды: оның денсаулығы допингтік дәрілерді қабылдаумен бірге жүретін жаттығулардан нашарлап кетеді.
1997 жылы Хайди Кригердің орнына Андреас Кригер өмірге келді. Өмірін ер адам ретінде жалғастыру шешімі Хайдидың өмірін сақтап қалады.


Социализмнің капитализмнен
жалған артықшылығы
бәрінен бұрын спорттық
жетістіктерде көрініс алуы тиіс болды.

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗ БІЗ ҮШІН МАҢЫЗДЫ

How do you evaluate athletes at major sports events?

Based on the number of world records they break

219 Persons

Based on the number of personal records they break

426 Persons

Based on how fair they play

1070 Persons

view result back to survey

How level is the international playing field for professional athletes?

1 is least level 10 is most level

Poor

(1 - 2)

366 Persons

Insufficient

(3 - 4)

369 Persons

Sufficient

(5 - 6)

271 Persons

Good

(7 - 8)

106 Persons

Excellent

(9 - 10)

51 Persons

view result back to survey